ІІМ былтыр күзде Алматыдағы автобустардың бірінде болған АҚШ азаматына қатысты оқиғаға пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиғаның мән-жайы
Былтыр әлеуметтік желілерде қоғамдық көлікте ер адам екі орынға отырып, қасына таңқурай салынған жәшікті қойып қойғаны көрінетін видео тараған болатын. Куәгерлердің айтуынша, ол жүкті әйелге орын беруден бас тартып, жолаушыларға дөрекі сөйлеген.
"Аш көзіңді, ақымақ. Аш ақымақ көзіңді. Семіз шошқа. Сен тым семізсің", - дейді жолаушы ағылшын тілінде видеода.
ІІМ пікірі
ІІМ Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына жауап ретінде бұл оқиғаға қатысты тергеуді Алматы Полиция департаментінің Алмалы аудандық полиция басқармасы жүргізгенін хабарлады.
Ведомство мәліметінше, сот-филологиялық сараптама нәтижелері алынған, алайда дөрекі сөздер айтқан шетел азаматы әлі ешқандай жазаға тартылмаған.
"Сараптама аяқталып, нәтижелері алынғанға дейін шетел азаматы елден шығып кеткендіктен, оны жауапкершілікке тарту мәселесі Қазақстанға қайта келгенге дейін шегерілді", – деп мәлімдеді полиция.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова