Алматыда Жандосов пен Әуезов көшелері қиылысында ірі жол апаты болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға орнынан түсірілген кадрларға қарағанда, № 95 автобус пен бірнеше жеңіл көлік жол апатына ұшыраған.
Полицияның мәліметінше, оқиға 13 наурызда сағат 15:20-да Бостандық ауданында болған. Автобус бес жеңіл көлікпен соқтығысқан.
"Foton маркалы автобус жүргізушісі Жандосов көшесімен шығыс бағытта келе жатып, Манас көшесінен батысқа қарай арақашықтықты сақтамау салдарынан алдында келе жатқан бес көлікпен соқтығысқан", - деді Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.
Жол апаты салдарынан бір адам зардап шегіп, медициналық көмекке жүгінген.
ECOBUS Service ЖШС өкілдері жол апаты бойынша қызметтік тексеріс жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!