- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда автобус балалы...
Алматыда автобус балалы әйелді қағып кетті
Алматыда жаяу жүргіншілер өткелінде автобус әйел мен баланы қағып кетті. Оқиға таңертең Медеу ауданында, Райымбек пен Қонаев көшелерінің қиылысында болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматы полициясы оқиғаның Медеу ауданында таңертең болғанын хабарлады.
"Автобус жүргізушісі Райымбек даңғылымен шығыс бағытта келе жатып, Қонаев көшесіне оңға бұрылып, бағдаршамда шығыс бағытта жолды кесіп өтіп бара жатқан әйел мен баланы қағып, әйел жақын маңдағы ауруханалардың біріне жеткізілді. Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасының мән-жайын Медеу аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері анықтап жатыр, - деп хабарлады полиция.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан