Алматыда автобус әйелді қағып кеткен: оқиға видеоға түсіп қалды

Алматыда автобус әйелді қағып кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қаланың Полиция департаменті оқиғаның видеосын жариялады. Кадрда жаяу жүргіншілер өткелі арқылы жолды кесіп өтіп бара жатқан 30 жастағы әйел, ал оған қарсы бағытта автобус қозғалып келе жатқаны көрінеді.

Қайғылы оқиға кеше Бостандық ауданында болған. Автобус Мұстафин көшесімен оңтүстік бағытта қозғалып келе жатқан. Кейін жаяу жүргіншілер өткелінде әйелді қағып кеткен.

"Әйел алған жарақаттары салдарынан оқиға орнында көз жұмды. Полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға кірісті. Бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деді Алматы ПД өкілі.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз