Алматыда №24 жолаушылар автобусы аялдамаға соғылып, жаяу жүргіншіні қағып кетті. Оқиға базар маңында болған. Екі адам зардап шекті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматы Полиция департаменті мәліметінше, жол апаты 24 қазанда сағат 12:35-те Жетісу ауданында болған.
"Автобус жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол жиегі мен аялдамаға соғылып, жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жол апаты салдарынан екі адам - жаяу жүргінші мен автобустың бір жолаушысы медициналық көмекке жүгінді", - деді ведомство өкілі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова