Алматыда автобус апаты: әйел қаза тапты

4 қазанда Алматыдағы Бөкейханов қиылысында жол апатынан бір адам мерт болды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматы полиция департаментінің мәліметінше, Mitsubishi көлігінің жүргізушісі Солтүстік айналым көшесімен солтүстік бағытта, Бөкейханов көшесінің қиылысында келе жатып жеке тасымалдаушыға тиесілі 58 бағыттағы автобуспен соқтығысты.

"Жол апаты салдарынан Mitsubishi көлігінің жолаушысы алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды. Адам өліміне себеп болған жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды", – деп хабарлады ведомство.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!