Алматыда автобус апатқа ұшыраған сәттің видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға салдарынан бір адам қаза тауып, 16 адам жарақаттанған еді.
Полиция мәліметінше, адам өліміне әкеп соққан жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар да тағайындалған.
"Жол апаты Алматыдағы Алмалы ауданында сағат 14.20-да болған. Алдын ала мәліметтер бойынша "Kia" көлігінің жүргізушісі Мақатаев көшесімен оңтүстік бағытта өтіп бара жатып, "Сity-Bus" ЖШС жеке тасымалдаушысы қызмет көрсететін 18-бағыттағы қоғамдық көлікпен соқтығысып, артынша кедергіге соққан", - деп жазылған полиция хабарламасында.
Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде Алматыда автобус дүкенге кіріп кетті деген ақпарат пайда болғаны хабарланды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!