Алматыда автобус апатқа ұшырады: қаза тапқандар бар

Алматыда автобус апатқа ұшырады: қаза тапқандар бар

Алматыда 18 шілдеге қараған түні Медеу ауданында жол апаты болды. Салдарынан екі адам қаза тапқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жергілікті полиция қызметінің кезекші бөлімінің мәліметінше, Toyota маркалы автокөліктің жүргізушісі Талғар трактімен батыс бағытта келе жатып, қарсы қозғалыс жолағына шығып, жеке тасымалдаушыға тиесілі автобуспен соқтығысқан. 

Апат салдарынан Toyota-да отырған екі жолаушы қайтыс болды.

"Екі адамның өліміне әкеп соққан жол апаты дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бұған дейін 16 шілдеде сағат 9.15 шамасында Алматыдағы Әшімов пен Шаляпин көшелерінің қиылысында тағы бір жол апаты болған еді. №137 автобус тұрғын үйдің қабырғасына соғылған.

Полиция қызметкерлерінің сөзінше, аялдамада тұрған автобусқа жүк келігі келіп соқтығысқан. Автобус жүргізушісі рөлді басқара алмай, жолдың жиегіне шығып кеткен. Оннан аса адам зардап шеккен, қаза тапқандар жоқ. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!