Алматыда ауқымды операция басталды: шараға басқа өңірлерден қосымша күштер тартылған

Алматыда "STOP бұзушылық" атты ауқымды операция басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

1-10 сәуір аралығында өтетін іс-шараға Астана қаласынан, Ақмола, Қарағанды және Жамбыл облыстарынан келген қосымша күштер тартылған. Бұл шаралар құқықбұзушылықтың алдын алуға, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге және мегаполистегі жол қозғалысы қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған.

Алматы Полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдолдинов бөлімшелердің үйлесімді іс-қимылы мен заңды қатаң сақтау маңызды екенін айтты.

"Полицияның әрбір әрекеті заңды, ашық әрі кәсіби болуға тиіс. Біздің басты міндетіміз - азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқықтық тәртіпті сақтау", - деді ол.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз