Бүгін Алматыда әуежай қызметкерін кепілге алған ер адамның ісі бойынша сот отырысы басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сотталушылар орындығында зейнеткер - Машрапбек Баратов.
Сот отырысы барысында прокурор сот отырыстарын қысқартылған тәртіппен өткізуді сұрады, өйткені айыпталушы іс бойынша жиналған дәлелдерге дау айтпаған. Әрі қарай прокурор істің егжей-тегжейін оқыды.
Айыпталушы барлық айыппен келісіп, кінәсін мойындаған. Одан кейін сотта жәбірленуші, яғни әуежай қызметкері сөйледі.
Айта кетейік, бұл дерек бойынша үш қылмыстық іс қозғалды:
7 наурызда Алматы әуежайында қолында суық қаруы бар ер адам қызметкерді кепілге алды. Желіде әуежайда түсірілген видео тарады. Кадрлардан қолында пышағы бар ер адам қыздың шашынан ұстап алғанын байқауға болады. Оқиға ішкі терминалда болған.
Әуежайдың баспасөз қызметі мәліметінше, ер адам өзін жолаушы ретінде көрсетіп, рейс алдындағы қауіпсіздік аймағына жақындаған. Қызметкерлер одан құжатын сұраған кезде ол қызметкерді пышақпен қорқытқан. 7 минуттан кейін шабуылдаушы ұсталды. Ол қамауға алынды.
Артынша Президент Алматы әуежайындағы оқиғаға қатысты батыл азаматты марапаттауды тапсырды.
Әуежайда кепілге алынған адамды құтқарған Мұса Әбдірайым "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды.
Әуежайда қызметкерді кепілге алған ер адам екі айға қамауға алынды. Алматы әуежайындағы оқиға бойынша үш қылмыстық іс қозғалды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!