Алматыда атыс қаруына ұқсас зат көрсеткен ер адам ұсталды

Алматыда атыс қаруына ұқсас зат көрсеткен ер адам ұсталды
Фото: gov.kz

Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында Алматыда белгісіз адам сыртқы көрінісі атыс қаруына ұқсас зат көрсеткен видео анықталған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Медеу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері ер адамды анықтап, оны ұстап, полицияға жеткізген.

"Тексеріс барысында бейнежазбада көрсетілген зат ойыншық тапанша екені және атыс қаруына жатпайтыны анықталды. Тұрғынға ұсақ бұзақылық дерегі бойынша әкімшілік іс қозғалып, материалдар сотқа жолданды", - деді ІІМ өкілдері.

Сонымен қатар, оған жол қозғалысы ережелерін бұзу дерегі бойынша да әкімшілік іс қозғалған.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget