- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда атақты байкер...
Алматыда атақты байкер дауыс беруге мотоциклмен келді
Қазақстандық саяхатшы Дмитрий Петрухин Парламент мәжілісі мен жергілікті мәслихаттар депутаттарын сайлауда дауысын беру үшін Алматыдағы сайлау учаскесіне Қазақстанның көк туын желбіретіп, мотоциклмен келді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Дмитрий Петрухин дүниежүзінің 170-тен астам мемлекетін шарлаған.
Оның айтуынша, әркім өз елінің болашағына үлес қосу үшін дауыс беруге келуі керек. Содан кейін республиканың қай бағытта, қай жолмен жүретіні және халықтың не күтетіні анықталады.
Айта кетейік, 18:10-дағы жағдай бойынша мәжіліс және мәслихат сайлауында қазақстандықтардың 53,11 пайызы барған. Сайлаушылардың ең көбі Қызылорда облысында (65,70 пайыз), ал ең азы Алматыда (22,95 пайыз) дауыс берген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан