Алматыда "Атакент" маңындағы өрт оқиға куәгерлерінің көзімен

Алматыда "Атакент" маңындағы өрт оқиға куәгерлерінің көзімен
Фото: видеодан алынған кадр

Куәгерлер Алматының Атакентіндегі өрт болған жерден видео түсіріп, әлеуметтік желіде жариялап жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, Алматыда Бостандық ауданындағы екі қабатты дәмханада шыққан өрт шықты.

Өрт сөндірушілер өрт орнынан үш газ баллонын шығарды.

Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

ТЖМ сағат 21:23-те өрт оқшауланғанын, 21:41-де толығымен сөндірілгенін хабарлады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан