Алматыда Атакент маңында екі қабатты дәмханада өрт шықты

Бүгін, 12 тамызда  Алматыда Бостандық ауданындағы екі қабатты дәмханада өрт шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Осы сәттерде Алматы қаласының өрт сөндірушілері Бостандық ауданындағы екі қабатты дәмханада шыққан өртті сөндіріп жатыр. Өрт сөндірушілер өрт орнынан үш газ баллонын шығарды", - деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Кейінірек ТЖМ күштері өртті оқшаулағанын хабарлады. Зардап шеккендер жоқ.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!