- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда, Астанада, Шымкентте...
Алматыда, Астанада, Шымкентте және тағы 15 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Синоптиктер 28 желтоқсанда Алматыда, Астанада, Шымкентте және тағы 15 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз облыстың оңтүстік-батысында екпіні 25 м/с.
Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында, таулы аудандарында тұман күтіледі. Жолдарда көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарында кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың басым бөлігінде 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 23 м/с.
Маңғыстау облысының солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20, облыстың батысында кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Астанада бұрқасын, жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде 15-20, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Қызылорда облысының солтүстігінде, батысында көктайғақ, орталығында тұман күтіледі. Жел оңтүстіктен соғады, күші 15-20 күтіледі.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында қатты жауын шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Түркістан облысының батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында, күндіз тау асуларында күші 15- 20 м/с.
Шымкентте 28 желтоқсанда түнде тұман күтіледі.
Абай облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде 15-20, екпіні 25 м/с
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с
Қостанай облысының басым бөлігінде жауын-шашын (қар, жаңбыр), көктайғақ күтіледі. Облыстың шығысында жаяу бұрқасын. Облыстың солтүстігінде, батысында тұман түседі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде кей уақыттарда 23 м/с.
Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Алматы облысының таулы аудандарында кей уақытта қатты қар күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман, көктайғақ. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында, таулы аудандарында 15-20, күндіз кей уақытта екпіні 23-28 м/с.
Алматыда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан