Алматыда аспалы жол кабинасына қар лақтырған жастардың әрекеті видеоға түсіп қалды

Алматыда аспалы жол кабинасына қар лақтырған жастардың әрекеті желі қолданушыларының наразылығын тудырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видеодан бір топ жастың аспалы жол кабинасына кезек-кезек қар лақтырғанын көруге болады.

"Тауып, көздерін көкшитіп, қамау керек шығар. Осылар - Алматыға келіп, дамбал тоздырып, әке-шешелерін күйдіріп жүретіндердің сортынан ғой. Бұзықтық па, балалық па, мәдениетсіздік пе?!", - деп жазды журналист, Respublica партиясы Жетісу облыстық филиалының төрағасы Ришат Асқарбекұлы.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ришат Асқарбекұлы (@rishat_askarbekuly)

Бұл видео желі қолданушыларының наразылығын тудырды.

Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек Massaget.kz тілшісіне осы жайтқа қатысты түсінік берді.

"Аталған дерек бойынша Медеу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Құқық бұзған жас жеткіншектер міндетті түрде анықталып, тиісті жауапкершілікке тартылады", - деді Әзірбек.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!