Алматыда әскери қызметкер адвокатты соққыға жыққан
Фото:
Polisia.kz
Алматыда әскери қызметкер белгілі адвокатты соққыға жыққан, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұл оқиға туралы адвокат Олег Черновтың әйелі Анна Димитриевич Facebook-парақшасында жазған. Олар таксиге отыра бергенде бір жігіт жүгіріп келіп, соққыға жығылған қызға көмектесуін сұраған.
Алматы ПД бұл дерек ҚР Қылмыстық кодекстің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін хабарлайды.
Қылмыстық іс бойынша алғашқы тергеу әрекеттері жүргізіліп, сараптамалар тағайындалды.
Күдікті әскери адам болғандықтан, қазір іс материалдары соттылығын анықтау үшін қалалық Прокуратураға жіберілді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек