- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда әскери институттан...
Алматыда әскери институттан сержанттың мәйіті табылды
Фото:
Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов
Бұған дейін әлеуметтік желіде марқұмның 44 жастағы сержант екені туралы ақпарат пайда болды. Мәйіт Әскери институттың құрлық әскерлерінің аумағында табылған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ІІМ ақпаратты растады. Істі әскери тергеу органы тергеп жатыр.
"Дерек бойынша Оңтүстік өңірлік әскери-тергеу басқармасы Қылмыстық кодексінің 105-бабы, 1-бөлігі ("өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу") бойынша соталды тергеп-тексеруді бастады. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабы тәртібіндегі өзге де ақпарат жария етілмейді", - деп хабарлады ІІМ.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
А. Жайыққызы