- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда Асанәлі Әшімовтің...
Алматыда Асанәлі Әшімовтің түсірілім кезінде қайтыс болған ұлы тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды
Алматыда театр және кино актері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Сағи Әшімовтің құрметіне мемориалдық тақта ашылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сағи Әшімов 1961 жылы 18 шілдеде дүниеге келген. "Өз дәніңді өсір" (1978), "Мазасыз балалар" (1980), "Ойлануға бір ай" (1981), "Қаралы сұлу" (1982), "Айсұлу жайлы аңыз" (1990), "Фара" (1999) сияқты фильмдерде 20-дан астам рөлде ойнаған.
Ол 1982-1984 жылдары әкесі Асанәлі Әшімовтің "Шоқан Уәлиханов" атты 4 сериялы телевизиялық фильмінде Шоқанның рөлін сомдайды.
Сағи Әшімов 1999 жылы 18 қазанда "Тоғысқан тағдырлар" атты алғашқы қазақстандық сериалдың түсірілімі кезінде қайтыс болды.
Мемориалдық тақта Достық даңғылы, 40 мекенжайында орналасқан.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан