Алматыда 55 жастағы жергілікті тұрғын арнайы техниканы арзан бағада жалға беремін деп халық арасында жалған ақпарат таратқан. Бұл туралы қалалық полиция басқармасы бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Рустам Әбдірахманов Instagram-парақшасында мәлімдеді, - деп хабарлайды Мassaget.kz.
1967 жылы туған азаматша К., арнайы құрал-жабдықпен қамтамасыз ету үшін алдын ала төлем ретінде 20 пайызды талап етіп отырған.
Шындығында, әйелде ешқандай жабдық болмаған. Ақшаны алғаннан кейін ол нөмірін бұғаттап, ұялы телефондарын сөндіріп отырған.
Қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағында ("Аса ірі көлемде жасалған алаяқтық") көзделген қылмыс белгілері бойынша азаматша К.-ға қатысты қылмыстық іс тіркелді.
Соталды тергеп-тексеруді жүргізу Медеу ауданы ПД Тергеу бөлімінің тергеушілеріне тапсырылды. Қылмыстық істің барысы мен нәтижесі Алматы полиция департаментінің бақылауына алынды.