Әлеуметтік желілерде Арнайы жедел әрекет ету жасағы қызметкерлеріне жасалған шабуылдың видеосы тарады. Алматы Полиция департаменті оқиғаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ақпаратқа сүйенсек, ер адамдар мен арнайы жасақ қызметкерлері арасындағы жанжал 22 ақпанда таңғы сағат 5 шамасында Алматыдағы Назарбаев даңғылында болған.
Төбелес болған сәт видеоға түсіп қалған.
"Оқырманның айтуынша, қызметкерлерге ер адамдардың орынсыз әрекеті туралы шақыру түскен. Ал шабуылдаушылар құқық қорғау органдарында таныстары бар екенін мәлімдеген", - деп жазылған хабарламада.
Алматы Полиция департаменті тәртіп бұзушылар ұсталғанын және қоғамдық орында мас күйде жүру, ұсақ бұзақылық жасау, сондай-ақ, полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбау баптары бойынша жауапкершілікке тартылғанын хабарлады.
"Шешім қабылдау үшін іс материалдары сотқа жіберіледі", – деп мәлімдеді ведомство өкілі.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова