Алматыда арнайы ХҚКО басшысының орынбасары алаяқтық дерегі бойынша күдікке ілінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ филиалы №1 мамандандырылған бөлімі басшысының халыққа қызмет көрсету жөніндегі орынбасарына қатысты соталды тергеу жүргізіп жатыр.
"Ол құжаттарды кедергісіз қабылдау және жүргізуші куәліктерін алу үшін автомектеп курсанттарын емтихан тапсыруға жіберемін деген сылтаумен жергілікті кәсіпкерден 930 мың теңге сомасында ақша иемденді деген күдікке ілінді", - деп жазылған хабарламада.
Тергеу жалғасып жатыр.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз