Алматы Полиция департаменті азаматтарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
21 сәуірде Майлин көшесі, 2 мекен жайы бойынша орналасқан Алматы халықаралық әуежайы аумағында сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін жоспарлы антитеррорлық оқу-жаттығулар өтеді.
"Шара кезінде әуе және автокөліктердің қозғалысына шектеулер жоқ. Оқу тапсырмалары адам көп жиналатын жерлерде лаңкестік әрекеттердің алдын алу механизмін жетілдіруге бағытталған. Қауіпсіздік шараларын сақтауыңызды және мемлекеттік қызметкерлердің заңды талаптарын орындауыңызды сұраймыз. Сондай-ақ, ресми ақпарат көздерін қадағалап, жалған ақпарат таратпау керек", - деп жазылған хабарламада.
Полиция ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 443-бабына сәйкес қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуші тұлғаның заңды талабына бағынбау әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертті.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова