- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда Антикордың жалған...
Алматыда Антикордың жалған қызметкері ұсталды
19 қаңтарда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Антикордың жалған қызметкерін әшкереледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, 1983 жылы туған Қанат Қоржыбаев (бұрынғы тегі Құралұлы) ұсталған. Ол өзін Антикордың қызметкері ретінде таныстырып, қамқорлық көрсеткені үшін Алматы облысы кәсіпорындарының бірінің басшысына тиесілі 1 миллион теңге сомасындағы ақшаны алаяқтық жолмен иемденген.
Тінту барысында 2014 жылы таратылған қаржы полициясы қызметкерінің жеке куәлігі тәркіленген.
"Қолда бар мәліметтерге сәйкес, Қоржыбаев бұрын да осындай қылмыстар жасаған болуы мүмкін. Оның заңсыз істері туралы ақпарат болған жағдайда Антикордың Call-орталығына (1424) хабарласуыңызды сұраймыз", - делінген ведомство хабарламасында.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова