Алматыда “әмбебап“ алаяқ анықталды

Алматыда бірқатар әмбебап алаяқтықтар анықталды. Оларды жасады деген күдікпен 41 жастағы әйел ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тергеудің осы кезеңінде 10 адам полицияға арызданған.

"Жәбірленушілердің айтуынша, ол өзін мемлекеттік бағдарлама бойынша баспана алуға жәрдемдесемін деп, кейбіреулерге ЖОО-на грантқа түсіріп беремін деп өз қызметін ұсынған. Әйел өз қызметін жүздеген мың теңгеге бағалаған. Алайда ол уәдесін орындамады. Ауданаралық тергеу соты күдіктіге қатысты "қамау" түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады. Қылмыстық іс алаяқтық дерегі бойынша тергеліп жатыр. Қазір тергеу ұсталған азаматтың осыған ұқсас басқа да эпизодтарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр", - деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Ұланбек Әбілқайыр.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.

ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!