Алматыда салмағы 6 килограмм 60 грамм болатын алып батыр дүниеге келді, деп хабарлайдыВaq.kzақпарат агенттігіАлматытелеарнасына сілтеме жасап. Сәби Ұлттық акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығында дүниеге келді. Қала ішіндегі 5 жыл бұрын болған рекорд қайталанды. Орталық мамандарының айтуынша, әдетте ауыр салмақты балалар отбасында екінші не үшінші болып туылады, ал бірінші болып туылуы өте сирек кездеседі. Қазір алып балақайдың жағдайын дәрігерлер бақылап отыр. Тәбеті жақсы, тез салмақ қосып жатыр. Ата-анасы тұңғышының атын Ернар деп қойды. Оның анасы перзентханадан үйіне шығуға дайын. Мамандар ауыр салмақпен туылған балаларға ерекше күтім керектігін айтты. Босанған кезде де қауіпті болады. Ота ауыр болды. Бірақ қуанышқа орай, жақсы өтті. Қазір баланың дені сау, салмақ қосып жатыр және үйге шығаруға дайын, - деді ғылыми акушер орталығындағы Ана мен бала бөлімінің меңгерушісі Кәміл Сәмитов. Статистика бойынша соңғы жылдары алып балақайлардың саны артып келеді. Мысалы, аталған орталықта былтыр 300 жуық бала 4 килограмнан аса салмақпен туылған.