Алматыда жылу желілеріндегі жөндеу жұмыстарына байланысты Алтынсарин даңғылының бойымен жүруге жартылай шектеу қойылады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"27 қыркүйекте сағат 22:00-ден 28 қыркүйек сағат 08:00-ге дейін Алматы қаласы Әуезов ауданында Алтынсарин даңғылы бойымен №6 қалалық емханадан Абай даңғылына дейін оңтүстік бағытта көлік қозғалысы жабылады. Солтүстік бағытта қозғалыс ашық болады", – делінген хабарламада.
Уақытша шектеулер жылумен жабдықтау желілерін алдағы жылу беру маусымына дайындау шаралары аясында магистральдық құбыр учаскесінде жөндеу жұмыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында енгізілгені хабарланды.
"Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсінуіңізді сұраймыз", – деп хабарлады "Алматы жылу желілері" ЖШС.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!