- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда алты жасар...
Алматыда алты жасар атыраулық спортшы көз жұмды
Алматыға грэпплинг жарысына келген атыраулық 6 жасар спортшы бала белгісіз жағдайда қаза болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Atpress.kz-ке сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 30 қыркүйекте түстен кейін болған.
Басылым мәліметінше, Атыраудағы жекеменшік спорт клубының жаттықтырушысы бір топ баламен грэпплингтен өтетін халықаралық турнирге қатысу үшін Алматыға келген.
"Байқоңыр" спорт клубының жаттықтырушысы 12-14 жастағы жасөспірімдерді жарысқа алып кеткен. Атыраулық спортшылардың тұрғылықты жерінде бір топ бала қалған. Олардың бесеуі дүкенге барып келуге сұранған, олардың арасында алты жасар И. Ж-да болған. Ол жазатайым оқиғаға ұшырап, қаза тапты.
Оқиға туралы Алматының құқық қорғау органдарына хабарланып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Мәліметтер нақтыланып жатыр.
Тағы да оқи отырыңыздар: Адамның жүрегі қайғыдан жырылып кетуі мүмкін бе?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек