Алматыда “Алматы-2“ вокзалы маңында қозғалыс шектеледі

Алматыда “Алматы-2“ вокзалы маңында қозғалыс шектеледі
Фото: Tengrinews.kz/ Әлихан Сәриев

Алматыда Абылай хан даңғылының кейбір учаскелерінде түнде көлік қозғалысы шектеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қала әкімдігі мәліметінше, LRT жобасын жүзеге асыру аясында Абылай хан даңғылының кейбір учаскелерінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі.

"10 қыркүйек сағат 22:00-ден 11 қыркүйек сағат 06:00-ге дейін Мақатаев пен Мәметова көшелері арасындағы учаскеде көлік қозғалысы толық жабылады. Сондай-ақ, осы уақыт аралығында Райымбек даңғылынан Тузов көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс шектеледі", - деді әкімдік өкілдері.

Сурет: Алматы әкімдігі

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget