• 497.95
  • 490.7
  • 5.49

Алматыда алғашқы мопед тіркелді (видео)

Фото: Polisia.kz

Алматылық ер адам ресми техникалық паспорт пен нөмірлік белгіні алып, қалада тіркелген мопедтің бірінші иесі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алматыда мопедтің алғашқы тіркеуі өтті: қала тұрғыны өзінің көлік құралына техникалық паспорт және мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін алды.

2024 жылы "Жол қозғалысы туралы" заңға өзгерістер енгізіліп, мопед иелеріне көлік құралын тіркеу міндеттелді.

Тіркеу мүмкіндігі қазақстандықтарға осы жылдың 11 қаңтарында қосылды. Барлық құжаттарды 5 сәуірге дейін рәсімдеу керек.

"Құрметті мопед иелері, заңнаманы бұзбау мақсатында мопедтерді тіркеуден өткізу және А1 санатындағы жүргізуші куәлігін алу қажеттігін еске саламыз", - деді полиция қызметкерлері азаматтарға.

Еске салайық, 5 сәуірден бастап мопед жүргізушілерінде міндетті түрде А1, А немесе В санатындағы жүргізуші куәлігі болуы керек. Мопедтерді тіркеу олармен болатын апаттың көп болуына байланысты басталды. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

А. Жапатова