Алматыда алғашқы көпдеңгейлі муниципал паркинг пайда болады

Алматыда алғашқы көпдеңгейлі муниципал паркинг пайда болады
Фото: elements.envato.com

Алматы әкімі Ерболат Досаев қалада алғашқы көпдеңгейлі муниципал паркинг пайда болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл туралы ол Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді.

"Алдыңғы кездесулердің бірінде аудан тұрғындары "Көктем-3" шағынауданында аяқталмаған паркинг құрылысына қатысты мәселе көтерді. Ұлттық банк бұл нысанды қаланың балансына берді. 267 тұрақ орнына арналған алғашқы көпдеңгейлі муниципал паркингтің құрылысы биылдың аяғына дейін аяқталады", - деді қала әкімі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек