Алматыда алдыңғы орындыққа балаларын отырғызып, көлік айдап бара жатқан әйел видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Видео әл-Фараби даңғылында түсірілген.
Онда көлік көп жүретін даңғылдың бойымен бір әйелдің баласын тізесіне отырғызып алғанын, ал тағы бір бала алдыңғы орындықта отырғанын байқауға болады.
Алматы полициясы видеоға қатысты түсінік берді.
"Қазір осы факті бойынша Алматы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі тексеріп жатыр. Заң бұзған адам міндетті түрде анықталып, заңға сәйкес жауапқа тартылады", - деп түсіндірді Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!