Алматыда алдағы үш күн бойы қар жауады

Алматыда алдағы үш күн бойы қар жауады
Фото: depositphotos.com

"Қазгидромет" синоптиктері Алматыдағы алдағы үш күнге - 30 қаңтар мен 1 ақпанға дейінгі ауа райына болжам жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматыдағы ауа райы болжамы

30 қаңтарда Алматыда күн бұлтты болады, түнде қар, күндіз жауын-шашын (көбінесе қар) жауады. Кейде көктайғақ болады. Кешке тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде 3-5 градус аяз, күндіз 0-2 градус жылы.

31 қаңтарда көшпелі бұлтты, кейде қар жауады. Жолдарда көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан секундына 7-12 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 5-7, күндіз 2-4 градус аяз.

1 ақпанда көшпелі бұлтты, арасында қар жауады. Жолдарда көктайғақ болып, солтүстік-шығыстан екпіні секундына 7-12 метр болатын жел соғады. Ауа температурасы түнде 7-9, күндіз 3-5 градус аяз.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лес