• 499.31
  • 490.7
  • 5.62

Алматыда алдағы күндері бірнеше көшеде көлік қозғалысы шектеледі

Алматыда алдағы күндері бірнеше көшеде көлік қозғалысы шектеледі
Фото: depositphotos.com

Алматы полиция департаменті қаладағы көлік қозғалысына байланысты қала тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ведомство 2025 жылғы 30-31 қаңтарда өтетін халықаралық шара кезінде көлік қозғалысына ішінара шектеулер қойылатыны туралы хабарлады.

Келесі учаскелер бойынша көлік қозғалысына түзетулер енгізілуі мүмкін:

  • Майлин көшесі;
  • Құлжа тасжолы;
  • Бұқтырма көшесі;
  • ШААЖ;
  • әл-Фараби даңғылы;
  • Сейфуллин даңғылы;
  • Достық даңғылы;
  • Жароков көшесі.

"Алматы полициясы азаматтарды уақытша шараларға түсіністікпен қарауға және кептелістерді болдырмау үшін бағыттарын алдын ала реттеуге шақырады", - делінген хабарламада.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лес