Алматыда 26-27 ақпанда жаңбыр жауады. Қала әкімдігі тұрғындарға ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ауа райы болжамы
26 ақпанда таңертең қалада жаңбыр жауады, кешке бұл қарға ауысады, жауын-шашын 27 ақпанда тәуліктің басында басылады.
Болжамға сүйенсек, түнде ауа температурасы -3...-5 градус аяз болады, ал күндіз +1...+3 жылуға дейін төмендейді.
Тұрғындарға ескерту
Алматы әкімдігі мәліметінше, қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимге ауыстырылған, жол жұмысшылары тәулік бойы кезекшілік жасайды.
"Тәулік бойы 624 арнайы техника мен 1380 жол жұмысшысын тарту жоспарланып отыр", - деп жазылған хабарламада.
Аудан әкімдіктері жұмыс өндірісін бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастыратыны айтылды.
"Көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерден сақ болуды сұраймыз. Жүргізушілерге жылдамдықты төмендетуге, көліктер арасындағы қашықтықты сақтауға және оқыс маневрлерден аулақ болуға кеңес береміз. Көлік жүргізу тәжірибесі аз адамдар қоғамдық көлікке ауысқаны дұрыс. Жаяу жүргіншілер тротуарларда абай болуы керек", - деп жазылған хабарламада.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова