- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда алаяқ әскери...
Алматыда алаяқ әскери киім киген: полиция хабарламаға түсінік берді
Алматы полициясы әскери қызметкердің жеке деректерін пайдаланған алаяқтық дерегі бойынша түсініктеме берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Қаскүнемдер қоғамға қолжетімді болған бұл құжаттарды пайдаланып, атын жамылып, басқа аймаққа шұғыл көшетінін желеу етіп, тұрмыстық заттарды "сатқан". Қалада осыған ұқсас 10-нан астам оқиға тіркелді. Бұл ақпаратты алаяқтар осы деректерді пайдаланып, адамдарды алдауы мүмкін екенін халыққа ескерту мақсатында жария еттік. Азаматтарды қырағы және сақ болуға шақырамыз", - деді Наурызбай аудандық полиция басқармасының бастығы Данияр Меңдебаев.
Сондай-ақ полиция бүгінде алаяқтар өздерінің қылмыстық жоспарын жүзеге асыру үшін көбінесе ІІМ мен басқа да құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің атын жамылатынын айтып өтті.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина