• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Алматыда алапат өрт сөндіріліп жатыр

Фото: Видео кадры

19 ақпанда таңғы сағат 08:25 шамасында Алматының Әуезов ауданында қойма өртенді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматы ТЖД мәліметінше, қойма өртеніп, өрт жанында тұрған үш қабатты әкімшілік ғимараттың шатырына көшкен.

"Өрт сөндіру бригадалары оқиға орнына 08:30-да жетті. Суды үздіксіз жеткізу үшін өрт сөндіру пойызы жұмылдырылды, жедел штаб құрылды, әкімшілік ғимаратты сөндіру және қорғау үшін оқпандар енгізілді, автоцистерналар өрт гидранттарына орнатылып, су үздіксіз жеткізілді", – деді ведомство өкілдері.

Сондай-ақ, оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылған.

"Зардап шеккендер туралы ақпарат 112-ге түскен жоқ", - деп мәлімдеді құтқарушылар.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget