Алматы қаласының Бостандық ауданында қайғылы оқиға болды. Ер адам тұңғыш президент саябағына қарама-қарсы орналасқан көпірден құлап мерт болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тосын оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарап кетті. Куәгерлер әл-Фараби даңғылы мен Навои көшесінің қиылысында адам көпірден құлағанын жазды.
Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі ер адам қаза тапқанын растап, ҚК-нің 105-бабы "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.
"Бостандық аудандық полиция басқармасы осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталады", - деп жазылған хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!