- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда Әл-Фараби даңғылының...
Алматыда Әл-Фараби даңғылының жөндеу жұмыстары аяқталды
Алматыда Әл-Фараби даңғылының жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Әл-Фараби даңғылының Достықтан Асқаров көшесіне дейінгі 9 шақырымның жөндеу жұмыстары уақытынан бұрын - 16 тамызда аяқталды. Бастапқыда жұмыс 31 тамызға дейін жалғасады деп жоспарланған. Бригадалардың күшейтілген режимде жұмыс жасағанының арқасында жұмыс мерзімінен бұрын аяқталды. Тротуарларды жөндеу жұмыстары тамыздың аяғына дейін жалғасады.
"Бүгінде Есентай өзені арқылы өтетін көпірде жұмыс жүргізіліп жатыр. Қайта құру аяқталғаннан кейін, учаскенің жүріс бөлігінде полимерлі асфальтбетон жабынының жоғарғы қабаты төселеді. Жол жұмыстарының басталғаны туралы қосымша хабарланады", - деді әкімдік өкілдері.
Әл-Фараби даңғылында соңғы орташа жөндеу жұмыстары 2010 жылы жүргізілген. Нормативтік жөндеуаралық мерзімнің өтуіне байланысты басталған тексеру барысында асфальтбетон төсемінде шұңқырлар, жарықтар торы, қирау түріндегі ақаулар анықталып, жолдың ағымдағы жай-күйі туралы техникалық қорытынды жасалды.
Биыл әкімдік ұзындығы 200 шақырымнан асатын 230 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр. Алматыда барлығы 2746 көше бар, көше-жол желісінің ұзындығы 3097 шақырым болады.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Абай даңғылының жөндеу жұмыстары аяқталған болатын.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Д. Шәріпхан