Алматыда әл-Фараби даңғылындағы қозғалыс шектеледі. Бұл туралы қала әкімдігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматыда 24 тамызда Gran Fondo World Championship спорттық жарысы өтеді. Сондықтан 24 тамызда сағат 04:30-дан 09:30-ға дейін әл-Фараби даңғылындағы қозғалыс Достық даңғылынан Дулати көшесіне дейінгі учаскеде шектеледі.

Қала тұрғындарына мынадай балама маршруттар ұсынылды:
- Достық даңғылы;
- Назарбаев даңғылы;
- Сейфуллин даңғылы;
- Жароков көшесі;
- Розыбакиев көшесі;
- Дулати көшесінен әл-Фараби даңғылына дейін;
- Мұстафин көшесі.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова