Алматыда әл-Фараби даңғылында тағы да тосын жағдай болды

Алматыда әл-Фараби даңғылында тағы да тосын жағдай болды
Фото: Видео кадры

Әлеуметтік желіде Алматыда әл-Фараби даңғылында болған тосын жайт қызу талқыланып жатыр. Видео Threads-те жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кадрда екі ер адам жол үстінде өзара кикілжіңге келіп, бір-біріне қарай оқыс қимыл жасағаны көрінеді, алайда арты төбелеске ұласпаған.

"Алматы, әл-Фараби даңғылы. Ештеңе өзгермеген. Төбелессіз текетірес", - деп жазды видео авторы.

видео кадры

Алматы Полиция департаменті мәліметінше, бұл дерек бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр.

"Болған оқиғаның барлық мән-жайы, сондай-ақ, оған қатысушылар анықталады. Тексеріс қорытындысы бойынша әрқайсының әрекетіне қолданыстағы заңнамаға сәйкес құқықтық баға беріледі", - деді Алматы ПД баспасөз қызметі өкілі.

Еске салайық, 21 наурызға қараған түні әл-Фараби даңғылында жантүршігерлік жол апаты болды. Mercedes жүргізушісі мен екі жолаушысы (22 және 20 жастағы қыздар) оқиға орнында көз жұмды. Zeekr жүргізушісі аман қалып, түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды.

Сонымен қатар, әл-Фараби даңғылында үш адамның өліміне әкеп соққан жарысқа "полицейлердің қатысы болуы мүмкін" деген ақпарат тексеріліп жатыр. Бұл дерек бойынша қызметтік тергеу басталған. 

Осы оқиғадан кейін бірнеше лауазымды полицей қызметінен босатылды. әл-Фараби даңғылында болған жол апаты бойынша бірқатар қылмыстық іс қозғалды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget