Алматыдағы әл-Фараби даңғылында тағы бір жол апаты болды. Жолды кесіп өтпек болған әйелді көлік қағып кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматы Полиция департаменті мәліметінше, қайғылы оқиға 25 наурызда қас қарайған уақытта болған.
"Mitsubishi Delica жүргізушісі әл-Фараби даңғылымен шығыс бағытта келе жатып, Розыбакиев көшесімен қиылыста жолдан өтіп бара жатқан әйелді қағып кеткен. Жәбірленуші оқиға орнында көз жұмды", - деді полиция.
Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.
Еске салайық, 21 наурызға қараған түні әл-Фараби даңғылында жантүршігерлік жол апаты болды. Батыс бағытта жоғары жылдамдықпен келе жатқан Zeekr қарсы жолаққа шығып кетіп, шығысқа қарай кетіп бара жатқан Mercedes көлігін соққан.
Mercedes жүргізушісі мен екі жолаушысы (22 және 20 жастағы қыздар) оқиға орнында көз жұмды. Zeekr жүргізушісі аман қалып, түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!