Алматыда әл-Фараби даңғылында қозғалыс уақытша шектеледі

Алматыда әл-Фараби даңғылында қозғалыс уақытша шектеледі
Фото: Tengrinews.kz/ Әлихан Сәриев

Алматыда жексенбіде Gran Fondo World Championship жарысына байланысты әл-Фараби даңғылында көлік қозғалысы уақытша шектеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

16 тамызда Алматыда әуесқойлар мен ардагерлер арасында велоспорттан Gran Fondo World Championship өтеді. Осыған байланысты әл-Фараби даңғылының кейбір жерінде көлік қозғалысының сызбасы уақытша өзгереді:

  • Сағат 05:30-дан 06:40-қа дейін әл-Фараби даңғылының Достық даңғылынан Талғар тасжолына дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі.
  • Сағат 05:30-дан 10:30-ға дейін Достық даңғылынан Науаи көшесіне дейінгі бөлікте көлік қозғалысы уақытша шектеледі.

Сурет: Алматы әкімдігі

"Бұл шаралар қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында енгізіледі. Жүргізушілерден өзгерістерді ескеріп, жол жүру бағытын жоспарлау сұралады", - деді әкімдік өкілдері.

Айта кетейік, жарысқа 20-дан аса елден 1000-ға жуық әуесқой спортшы қатысады. Қатысушылар 95, 50 және 37 шақырым бойынша сынға түседі.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget