Алматыда Әл-Фараби мен Назарбаев даңғылдарының қиылысында көлік қозғалысы шектеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қалалық мобильділік бөлімінің мәліметінше, Әл-Фараби даңғылының Назарбаев даңғылымен қиылысында орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 19 шілде сағат 23:00-ден 21 шілде сағат 07:00-ге дейін жұмыс жүргізіледі. Бұл Әл-Фараби даңғылының батыс бағытта (Меңдіқұлов бульварынан Назарбаев даңғылына қарай) жылжыған кездегі бұрылмалы шығысында, Назарбаев даңғылынан Әл-Фараби даңғылына шығыс бағыттағы шығысында көлік қозғалысын толығымен бөгейтін полимерлі асфальт-бетон жабындысы төселуіне байланысты.
"Меңдіқұлов бульвары, Сәтбаев көшесі, Батыс Желтоқсан көшесі, Сейфуллин даңғылы, Жолдасбеков көшелері бойынша тиісті айналма сызбаны орнату арқылы жабық учаскелердің айналма жолдары ұйымдастырылады.
Жол жабылған кезеңінде Назарбаев даңғылы бойымен және Әл-Фараби даңғылынан шығыс бағытта Назарбаев даңғылына шығатын жол бойында жол қозғалысы қалыпты режимде жүзеге асырылады", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!