- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда ақылы тротуар...
Алматыда ақылы тротуар тұрақтары іске қосылады
Алматыда Алмалы ауданында ақылы тротуар тұрақтары іске қосылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
11 желтоқсаннан бастап Алматы қаласының Алмалы ауданында ақылы тротуар тұрағы минутына төленеді. Бұл ауданда 27 аймақ, 6504 тұрақ орны жұмыс істей бастайды, оның ішінде 454 мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін.
Ақылы тротуар тұрағының жұмыс тәртібі: күн сайын сағат 8: 00-ден 19:00-ге дейін. Бір сағаттың құны 100 теңге. Уақытты есептеу көлік құралының тұрақ аймағында тоқтаған сәтінен басталады. Тұрақ ақысын алғашқы 15 минут ішінде төлеу қажет.
Тұрақ орны үшін алдын ала төлеуді мынадай тәсілдермен жүргізу қажет:
- "парковки Алматы" мобильдік қосымшасы арқылы. Бұл қосымшаны Play Market немесе Apple Store телефондарына жүктеуге болады;
- almaty-parking.kz сайтында;
- Kaspi.kz мобильдік қосымшасы арқылы ақпараттық тақталардағы QR-код бойынша;
- kassa 24 терминалы;
- Kcell, Activ, Beeline, Tele2, Altel абоненттерінің 1309 нөмірі бойынша SMS хабарлама жіберіп, тақтада көрсетілген тұрақ нөмірін * авто нөмірі * сағат санын көрсету арқылы ұялы шоттың теңгерімінен тұрақ ақысын төлеуге мүмкіндігі бар.
Тротуар үлгісіндегі тұрақтар басқа аудандарда кезең-кезеңімен іске қосылады.
Бұзушылықтар автоматты режимде, мобильді кешендермен (арнайы авто) тіркеледі. Ақылы тұрақ үшін төлеуден жалтарғаны үшін айыппұл 3 АЕК құрайды (ҚР 597-бабы, 4-1-б.). Бір жыл ішінде қайталап бұзушылықтар болса 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Қалада алаңдық типтегі тұрақтар штаттық режимде жұмыс істейді. Резиденттік келісімдер мен абонементтерді ұйымдастыру мәселесі әзірленіп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина