Биыл 11 қыркүйектен бастап Алматыда Медеу ауданындағы автотұрақтар ақы төлеу жүйесі іске қосылады. Бір сағаттың құны - 100 теңге, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тротуар түріндегі автотұрақтар 2023 жылғы 15 шілдеден 2023 жылғы 11 қыркүйекке дейін тегін болды, өйткені ақылы автотұрақтың жаңа бірыңғай операторы "Алматы паркинг" бағдарламасы қосылмаған еді.
Медеу ауданында жаңартылған ақпараттық тақтайшалар бойынша барлығы 12 тұрақ аймағы жұмыс істейді, оның 4828 тротуар тұрағы, 360 мүгедектерге арналған орын. Ақылы автотұрақтың жұмыс режимі - күн сайын сағат 08:00-ден 19:00-ге дейін.
Көк базар маңындағы №6547 тұрақ аймағының тарифі - сағатына 150 теңге.
Автотұрақ үшін төлемді былай жасауға болады:
Еске салайық, бұрынғы A-Parking операторы 2023 жылғы 15 шілделен бастап ақылы автотұрақтарға қызмет көрсетуді тоқтатты. Автотұрақтарға қызмет көрсету бойынша барлық өкілеттік Алматы әкімдігіне, Алматы қалалық мобилділік басқармасының "Алматы паркинг" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына берілді.
Жаңа ақпараттық тақталарда оператор, аймақ нөмірі, тұрақ уақыты және төлем әдістері көрсетіледі. Бірінші Медеу ауданында басталды, жыл аяғына дейін қаланың қалған аудандары қосу жоспарланып отыр:
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз