Алматыда әккі ұры ұсталды

Алматы полициясы сериялық ұрыны ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматыда оңай жолмен ақша табуды табыс көзіне айналдырған тағы бір азамат ұсталды. Медеу аудандық тәртіп сақшыларының айтуынша, күдікті тек қана шаһар орталығында және тек түнгі уақытта әрекет еткен. 

"Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның қаладағы құрылыс нысандарының біріндегі құбырларды ұрлауға, сондай-ақ бөтеннің велосипедін ұрлауға қатысы бар екендігі белгілі болды. Айтпақшы, бұл дерек камераларға түсіп қалған. Ұсталған азаматтың жеке басы басқа да ықтимал қылмыстарға қатысы бар-жоғына тексеріліп жатыр", - деді Медеу аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің бастығы Елдос Бақбергенов.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!