Алматыда Ақан Сері көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Алматыда Ақан Сері көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады
Фото: depositphotos.com

Алматыда Ақан Сері көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қала әкімдігі мәліметінше, Ақан Сері көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

"Осыған байланысты 14 шілде сағат 20:00-ден 19 шілде сағат 06:00-ге дейін Сейфуллин даңғылынан Котельников көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысы толық жабылады. Жөндеу жүргізілетін учаскеде жол белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты көрсетілген ақпараттық тақта орнатылады. Жүргізушілерден бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз", - деді әкімдік өкілдері.

Сурет: Алматы әкімдігі

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget