- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда ағаштарды рұқсатсыз...
Алматыда ағаштарды рұқсатсыз кескендер жазаға тартылады
Гагарин даңғылында салынып жатқан ғимараттың жанындағы ағаштардың кесілуі қала тұрғындарының назарына ілікті. Мұндай әрекеттерді заңсыз деп санаған олар дабыл қақты, - деп хабарлайды Almaty.tv.
Телеарна мәліметінше, Алматы қаласының экология және қоршаған орта басқармасы Гагарин даңғылы, 80 мекенжайы бойынша ағаштарды кесуге рұқсат бермеген.
"Аталған дерек бойынша Алматы қаласы ПД ЖПҚ қызметкерлерімен бірге тексеру ұйымдастырылды. Тексеру барысында терек тұқымдас үш ағашты отау дерегі анықталды", - дейді Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасы басшысының орынбасары Ұлан Абдулдаев.
Аталған дерекке сәйкес, ҚР ӘҚБтК-нің 386-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, өтеу тұрғысында 150 дана жапырақты ағаштарды отырғызу бойынша кепілдік міндеттеме алынады.
Г. Досымшалова"Ағаштарды кесуге тапсырыс беруші "Медициналық орталықтың құрылысын" жүзеге асырушы азамат Бекмусаев Б.К. екені анықталды", - делінген хабарламада.