- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда Африка елдерінен...
Алматыда Африка елдерінен келген 11 адам заңсыз жүрген
Фото:
instagram
Алматыда Африка елдерінен келген 11 адам заңсыз жүрген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Көші-қон қызметінің мәліметінше, олар Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзған.
Шетелдіктер қаладағы хостелдерде тұрып, заңсыз еңбек қызметімен айналысқан. Олардың жеке басын куәландыратын құжаттары болмады.
Құқық бұзушылар ПД-нің қабылдап-таратуына орналастырылады. Сондай-ақ, полицияда, қазіргі уақытта Алматыда көші-қон және жергілікті полиция қызметінің бірлескен іс-шарасы жүргізіліп жатқанын еске салды.
Мақсат – заңсыз жүрген шетелдіктерді анықтау, сондай-ақ заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина